Сала мамандары ауыл тұрғындарымен кездесті
Аудан бойынша салық базасын ұлғайтуға байланысты тұрғындар мен кәсіпкерлер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында арнайы жұмысшы топ құрылған болатын.
Ағымдағы жылдың 3 – 4 - сәуір күндері құрылған жұмысшы топ мүшелері Өркендеу, Бірлік, Аранды, Бозкөл, Қызылқұм, Тасарық, Көларық, Арықбалық, Майдакөл, Ақжона, Алға ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бүгінгі жұмысшы топ мүшелерінің кезекті түсіндірме жұмыстары Басықара, Құмжиек, Қарашеңгел, Ғани Мұратбаев және Сарыкөл ауылының тұрғындарымен кездесуі өткізілді.
Тұрғындармен кездесуде дара кәсіпкер ретінде тіркелу, салық режимдерінің түрлері, кәсіпкерлік бағыттағы мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңінен түсіндіріліп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына толыққанды жауаптар берілді.