Ауылдың ажарын алып тұр
Апта сайын ауылға баратын әдетім. Осы жолы да жұмыстан қолым қалт еткенде, ауылымның өзгермейтін автобусымен жолға шықтым. Бірнеше ауылды артқа тастап, үйге жақын қалдым деп қуанып отырмын. Бір қызығы, менен бастап айналамдағы адамдардың барлығының қандай әуен қосылса да, қимылы бір. Тек секіріп отырмыз.
Ауылдың қарасы көрінді. Бұрынғыдай емес, қазір жаңа үйлер көбейген соң ауылдың көркейгені байқалады. Бірақ көзімнің қуанышы көпке бармады. Ауылдың қақ ортасында, құрылысы бітпеген саябағымыздың жанында жастар үшін деп салынған газонның тоз-тозы шығып тұр. Жасыл шөптің бір сынығы да көрінбейді. Ауыл балалары ақ шаң, көк шаң болып алаңның ішінде ойнағандай болып жатыр. Әдейілеп автобустан түсіп қалып қарадым. Ішінде ештеңесі жоқ, сыртындағы темір торы да түгел емес. Құдды бір иесіз қалған зат секілді. Бұлай тұрғанына бір емес бірнеше жыл болды. Мүмкіндік бар заманда, тысқары қалған ауылдың балалары да жақсы дүние көруге лайықты. Қазір тізесі қанасы құм себетін бала жоқ.Спорт кешені мен спорт мектебіне ауыздарын да ашпайтын балалар көгалсыз ауылда жасанды болса да, жасыл шөпте алаңсыз жүгірсе ғой деп іштей қынжылып қалдым. Содан тым болмаса осылардың ой-пікірін мен сұрап көрейінші деп ойнап жүрген балалардың бірін шақырып алдым. Мында қандай ойын ойнап жатқанын сұрадым, футбол ойнауға келіп, ішінде жәй қуыспақ ойнап жүрміз дейді. Негізі Газонның қандай болатынын көрдіңдер ма деген сұрағыма ауыл балалары:

– Әрине білеміз, қарапайым футболдан-ақ көріп жүрміз ғой. Алайда біздің ауылдың газоны осындай. Соған қарағанда әр жердікі әр түрлі шығар, – деп маған білдірмей күліп жіберді.
Тозығы жеткен құр темірдің ауыл ажарын алып тұрғаны айқын. Ойын алаңының көрсең көзің тоятындай көрінісі болса, жастар мен балалар белсенді болар еді.
Жанна МИХА