Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дала жұмыстарына дайындық басталды

Дала жұмыстарына дайындық басталды

Күн жылып, жердің тоңы жібіген кезде басталатын жыл сайынғы көктемгі дала жұмыстары Қазалы ауданында биыл да қарқын алды.
Аудандық ауыл шарушалығы мен жер қатынастары бөлімінің мәліметінше, ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарын әртараптандыруға сәйкес, биыл егістік көлемін 17 377 гектарға орналастыру жоспарланып отыр. Осы жылдың көктемгі егісіне қажетті дақылдар, яғни 6200 гектар жерге 1746 тонна күріштің, сондай-ақ 31 тонна бидайдың, 21 тонна арпаның, 32 тонна жоңышқаның және мақсарының 4,2 тоннасы дайындалды.
Сала мамандарының сөзіне сенсек, көктемгі егіс-дала науқанына ауыл шарушалығы техникаларын дайындау жұмыстары барлық шаруа құрылымдарда жұмыс жоспарларына сәйкес жүргізілмек. Айтуларынша, дала жұмыстарының барлығына 289 дана ауыл шарушалығы техникалары жұмылдырылып, жеңілдетілген 894 тонна дизель отыны бөлінген. Адандық ауылшаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Еркін Сейтовтің айтуынша, бөлінген дизель отынының көлемі көктемгі-далалық жұмыстарын жүргізуді толықтай қамтамасыз етеді.
– Биылғы жылы да науқандық жұмыстар ойдағыдай өтуі үшін наурыз айынан бастап қам-қарекет жасаудамыз, – дейді бөлім басшысы Еркін Сейтов.
Айта кетейік, ерте көктемнен бастап барлық диқан жер жыртып, аудандағы барлық шаруашылық құрылымдары егу жұмыстарына наурыз айының 29-нан бастап қызу кірісіп кетті. Қазіргі таңда аудан бойынша 4832 гектар ескі жоңышқа толығымен тырмаланып, 1300 гектар жер суғарылған. Межеленген 2843 гектар жерге жаңа жоңышқаның 611 гектары қамтылып, 80 гектар бидай егілді. Сондай-ақ 50 гектар мақсары мен 60 гектар арпа егу алдағы жоспардың еншісінде.
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
06 сәуір 2024 ж. 102 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30