Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда 27 миллиард теңге болатын тендерлер күші жойылды

Қазақстанда 27 миллиард теңге болатын тендерлер күші жойылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов
Қарағанды облысының прокуратурасы жалпы сомасы 27,3 миллиард теңге болатын 54 мемлекеттік сатып алудың күшін жойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бюджет қаражатының жұмсалуы саласына жүргізілген талдау мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың бұзылуын анықтаған.
"Балқаш тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі ММ-нің жауапты қызметкерлері заң талаптарына қайшы түрде, су құбырын күрделі жөндеу бойынша 625 миллион теңгеге мемлекеттік сатып алуды жобалық-сметалық құжаттамасыз және сараптамалық қорытындысыз өткізген.

Тағы бір жағдайда, "Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" ММ 75,2 миллион теңге сомасына ластаушы заттардың шығарындыларының мөлшерін өлшеуге арналған жабдықтар мен аспаптарды сатып алуды негізсіз жоспарлаған, бұл ретте шығарындыларды өлшеу аталған мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатпайды", - делінген хабарламада.

Қабылданған шаралардың арқасында бюджет қаражаты облыстық бюджетке қайтарылып, қайта бөлуге жіберілгені айтылды.
Бюджет қаражаттарының жұмсалу мәселесі қадағалау органының бақылауында.
04 сәуір 2024 ж. 175 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 139

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 132

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 120

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031