Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 2022 жылы қазақстандықтар қанша айыппұл төлегені белгілі болды

2022 жылы қазақстандықтар қанша айыппұл төлегені белгілі болды

Ішкі істер министрлігінде қазақстандықтар 2022 жылы қанша айыппұл төлегені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, былтыр Ішкі істер органдары жалпы сомасы 80 миллиард 309 миллион теңгеге айыппұл салу туралы 6,8 миллион қаулы шығарған. Бюджетке 61 миллиард 291 миллион теңгеден аса қаражат өндірілген.
ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 440-бабы бойынша ішімдік ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйде жүргені үшін 2,3 миллиард теңге сомасына 173 мың қаулы шығарылған.
Ортақ пайдаланатын орындарды ластағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 434-2-бабы бойынша 1,7 миллиард теңгеге 124 мың қаулы шығарылған.

Жол қозғалысы саласындағы құқықбұзушылықтар үшін жалпы сомасы 68 миллиард 660 миллион теңгеге айыппұл салу туралы 6,2 миллион қаулы шығарылған. Олардың ішінде:
- ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 592-бабы бойынша белгіленген қозғалыс жылдамдығынан асып кеткені үшін 34,3 миллиард теңге сомасына 2,9 миллион қаулы шығарылды;
- Жол белгілері немесе жолдың жүру бөлігі талаптарын сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 601-бабы бойынша 8,6 миллиард теңгеге 1,5 миллион қаулы шығарылды.
20 қаңтар 2023 ж. 211 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 112

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 111

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 103

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930