Еліміз авиациялық қауіпсіздіктің өңірлік көшбасшы атанды
Қазақстан Орталық Азия мен Кавказдың барлық елімен серіктестікті белсенді дамыта отырып, авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігі саласындағы өңірлік көшбасшы атанды, деп хабарлайды baq.kz
11-12 тамызда «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті мен Ақтау қаласының халықаралық әуежай әкімшілігінің қатысуымен Авиациялық қауіпсіздік және өңірлік ынтымақтастық жөніндегі халықаралық конференцияның отырысын өткізді.
Конференцияға Әзірбайжан, Грузия, Қырғызстан және Тәжікстан достас мемлекеттердің авиациялық билік орындарының басшылығы қатысты.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев қатысушыларға құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде ол еуропалық сарапшылар аудитінің жоғары нәтижелерін атап өтіп, Қазақстанның ұшу қауіпсіздігі саласында ИКАО стандарттарына сәйкестігін, сондай-ақ ИКАО аудитінің нәтижелері бойынша авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы жоғары көрсеткіштерді растағанын айтты.
Қазіргі уақытта Қазақстан Орталық Азия мен Кавказдың барлық елімен серіктестікті белсенді дамыта отырып, авиациялық қауіпсіздік пен ұшу қауіпсіздігі саласындағы өңірлік көшбасшы атанды.
Конференцияның күн тәртібіне азаматтық авиациядағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпаратпен жедел алмасу мәселелері енгізілді.
Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғау мәселелері бойынша конференцияға қатысушы елдердің авиациялық билік орындарының өзара іс-қимылын және ынтымақтастығын дамыту.
Халықаралық стандарттарды және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) ұсынылатын практикасын ескере отырып, қатысушы елдердің заңнамаларын үйлестіру.
Азаматтық авиацияның білікті персоналын даярлау мен қайта даярлаудың кәсіби деңгейін қолдау, сондай-ақ қатысушы елдер арасында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі үйлестіру тобын құру.
Үйлестіру тобының жұмыс органы ретінде Азаматтық авиация академиясының авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО оқу орталығы ұсынылды.
Үйлестіру тобының мақсаты өзара ақпарат алмасу және бір-біріне жәрдем көрсету арқылы авиациялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейіне қол жеткізу, авиациялық қауіпсіздік жөніндегі ИКАО-ның жаһандық жоспарының негізгі басымдықтарына қол жеткізуге және ИКАО стандарттары мен ұсынылатын практикасын сапалы енгізуге жәрдемдесу және көмек көрсету үшін тиімді тетік құру болып табылады, - делінген хабарламада.
Конференцияға қатысушылар авиациялық қауіпсіздік саласындағы өңірлік ынтымақтастық туралы Келісім шеңберінде әлеуетті арттыру, сондай-ақ авиациялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық бойынша уағдаластықтарға қол жеткізді.