Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанда бүгін ауа райы қандай болады?

Фото:depositphotos.com
"Қазгидромет" синоптиктері ертең, 3 сәуірде елдің 12 өңірінде найзағай ойнап, жауын-шашын болатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі. Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады. Түнде және танертең облыстың солтүстігінде, орталығында, батысында тұман түседі.

Алматы облысының шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл болады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр болады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында екпіні 15-20 м/с болады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (қар, жаңбыр), көктайғақ.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде тұман.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман түседі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі.
03 сәуір 2024 ж. 145 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 92

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930