Кімдер волонтерлік қызметпен айналысады?
«Еріктілер кеңесі» консультативтік кеңесші органымен белсенді волонтерлік қызметпен айналысатын мемлекеттік қызметшілер туралы не білеміз?
Еріктілер – қамқорлықты, көмекті қажет ететін адамдардың жанынан табылып, оларға қолұшын созып, әлеуметтік жағдай жасауға асығатын жандар.
Осы мақсатта 2023 жылдың маусым айындаазаматтарды, әсіресе жастарды, студенттер мен оқушыларды еріктілер қызметіне қатысуға шақыруды, мемлекеттік қызметшілер арасында еріктілер қозғалысын кеңінен насихаттауды, оларға белсенді өмірлік ұстаным дағдыларын қалыптастыруды, сонымен қатар, өз еркімен көшелерді көгалдандыруға, табиғат орындарын тазартуға, қан донорлығына және басқа да игі шараларға азаматтарды белсенді қатысуды ұйымдастыру үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Қызылорда облысы бойынша Департамаменті жанынан «Еріктілер кеңесі» консультативтік-кеңесші органы құрылды.
Еріктілер кеңесі қызметін жүзеге асыру бағытында жұмыс жоспары бекітіліп, жоспарға сәйкес біршама ауқымды жұмыстар жүргізілді.
Атап айтқанда, 2023 жылы қазан-қараша айларында Қызылорда облыстық қан орталығының арнайы жабдықталған жылжымалы кешенінде «Қан тапсыр – өмір сыйла» акциясы өткізіліп, 70-ке мемлекеттік қызметшілер қан тапсырды.
Сонымен қатар, ағымдағы жылы азаматтардың белгілі бір санаттарына, оның ішінде мемлекеттің ерекше назарын қажет ететін балаларға, қарт адамдарға, ардагерлерге, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмектесу мақсатында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне орай қайырылымдылық акциясы жүргізіліп, 3 отбасына көмек көрсетілді.
Ал, қоршаған ортаны тазалау, қоқыстарды сұрыптау бойынша жұмыстарды іске асыру, сондай-ақ көгалдандыру (ағаш отырғызу) жұмыстарын жүргізу бағытында жас мемлекеттік қызметшілерді және мемлекеттік орган қызметкерлерін ерікті сенбіліктертұрақты түрде жүргізілуде.
Еріктілер кеңесінің ағымдағы жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес 1-маусым балаларды қорғау күніне орай Қызылорда қаласының балалар үйіне қайырымдылық акциясын ұйымдастыру және «Еріктілер кеңесі» аясында мемлекеттік қызметшілер арасында экологиялық мәдениетті тәрбиелеу, ресурс үнемдеу идеяларын насихаттау, аумақтарды аббатандыру мен көгалдандыру жөніндегі іс-шаралар кешенін өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, жоспарға сәйкес мемлекеттік қызметшілер арасында волонтерлік қызметті дамытуға бағытталған имидждік іс-шаралар өткізу белгіленген.
Еріктілер кеңесінің қызметі басқа азаматтарға үлгі болып, ұлттың жаңа сапасын қалыптастыруға жол ашатындығына сенім білдіре отырып, игі істерәлі де болсажалғасын таба бермек!
Е.Ж.Мендалиев,
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
істері агенттігінің Қызылорда облысы
бойынша департаментінің басшысы