Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » "Крокус сити холл" иесі алғаш рет терактіге қатысты пікір білдірді

"Крокус сити холл" иесі алғаш рет терактіге қатысты пікір білдірді

РБК кадры
"Крокус сити холл" қожайыны Араз Агаларов алғаш рет концерт залында болған терактіге қатысты пікір білдірді. РБК телеарансына берген қысқаша сұхбатында кәсіпкер оқиғаны "жантүршігерлік трагедия" деп атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Жантүршігерлік қайғылы оқиға болды және кейінгі 20 жылда мұндай ештеңе болмағаны айтылды", - деді ұлы Эминмен бірге лаңкестік әрекет болған жерге келген Агаларов.
Агаларов оқиғаны жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан түсіндіруге келмейді деп атады және лаңкестік әрекет құрбандарының отбасыларына көңіл айтты.
Сондай-ақ, ол теракт кезіндегі күзетшінің қазасы туралы да айтты. Оның айтуынша, лаңкестер залға есіктен емес, көршілес көрме орталығының терезесі арқылы кірген.
"Автоматтармен көлденең. Көргендерінің бәрін ата бастаған. Барлық адамға, күзетшілерге. Бір күзетші қаза тапты, екіншісі жараланды. Бұл тіпті күзетші емес. Біз оларды "бақылаушы" деп атаймыз", - деді Crocus Group компаниялар тобының президенті және иесі.
Тергеу комитетінің соңғы мәліметі бойынша, "Крокус сити холл" концерт залына жасалған шабуылдан 133 адам қаза тауып, 140 адам жарақат алған. 11 күдікті ұсталған, оның ішінде төртеуі шабуылға қатысқан.

25 наурыз 2024 ж. 353 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 139

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 132

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 120

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 118

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031