Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Кент көркі – көптің ісі

Кент көркі – көптің ісі

Көктем – тазалық пен көктеп-көгерудің кезі. Аудан аумағын жиыстырып, туған топырақты түлетуге, сондай-ақ көркейтіп-көгалдандыруға қазалылықтар көктемнің алғашқы күнінен бастап-ақ бел буа, білек түре кірісіп кетті. Ұлыстың ұлы күні қарсаңында кент көшелерін қоқыстан тазартып, көктем келбетінің әсемдігіне үлес қосу мақсатында жылдағы үрдіс бойынша сенбіліктер де әр сенбі сайын үзілмей өткізілуде.
Әйтеке би кенті әкімдігі ұсынған мәліметке сенсек, тазалық айлығы басталғаннан бекітілген кестеге сәйкес, 7 аймақ бойынша сенбілік серпінді жүргізілген. Аталған аймақтардағы тазалық жұмыстарын ұйымдастыру аудан аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімінің аппарат басшысы, аудандық мәслихат төрағасына жүктелген.
Тиісті тапсырма аясында кен орталығындағы 65 көшенің көркі ретке келтірілді. Ал мекен шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шараға 85-ке жуық мекеме, нақтырақ айтсақ, 850 адам ұйымшылдықпен атсалысты. Тазалық жұмыстарын жеңілдетуге, сондай-ақ сенбілік нәтижесінде жиналған қоқысты арнайы орындарға тасымалдауға 10 техника жұмылдырылды. Бөлінген көшелер мен аумақтарда шөп шабылып, қоқыстар жиналып, жол жиектері тазартылды. Бұл шарадан тұрғындар да қалыс қалмай, белсенділік танытты.
Кент көшелеріндегі тынымсыз тірлікке қарап, тазалық жұмыстары жақсы қарқынмен жалғасып жатыр деуге негіз бар. Өйткені игі іске жұмылған тұрғындар өздерінің жауапкершіліктерін байқатуда. Олар "Көптің ісі жоғалмас" деген даналыққа жүгініп, маңызды міндетті ыстық ықыласпен орындауда. Бұл ретте жергілікті атқарушы билік өкілдері де жақсы іске жаршы болып отырғандығын айта кету керек. Олар көптің ісіне үн қосып қоймай, тазалық жұмыстарын жіті қадағалап отыр. Әкімдік қызметкерлері Әйтеке би кентінің сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында барлық мекеме, кәсіпорындарға, кәсіпкерлік субьектілеріне қоршаған қоршаулары мен қақпаларын, аулаларын таза ұстау мақсатында сырлау, әктеу, жаңарту жұмыстарын жүргізу жөнінде ескертпе хаттары таратып, тұрғындармен үйлесімді жұмыс атқаруда. Осы міндеттерді үйлестіруге арнайы 3 маман бекітілген. Бүгінде олар тынымсыз түсіндірме жүргізуде. Осындай жұмыстардың аясында 13 мектеп, 6 балабақша, 6 денсаулық сақтау мекемелері сырлап, жаңарту жұмыстарын жүргізуде.

Көшелер келбетімен келісті

Сенбілік басталғаннан бірз шаруаның беті қарады десек болатындай. Кент көшелерінде тазалық жұмыстары тиянақты жүргізіліп қоймай, аяқсу келер арықтар да қайта қалпына келді. Қолдағы мәліметке сүйенсек, 12 шақырым құрайтын кентішілік арық-атыздардың шөбі шабылып, қоқыстары тазартылған.
Шет аймақтағы, сондай-ақ тұрғындар жиі жүретін көшелердің тазалығын қамтамасыз ету мақсатында кент әкімінің Өкімімен арнайы жұмысшы топ құрылды. Оған кент әкімінің екі орынбасары жетекшілік етеді. Бүгінгі таңда кенттің орталық көшелерінен бастап шет аймақтарды түгел қамтитын рейд шаралары ұдайы ұйымдастырылуда. Соның аясында тұрғындарға үнпарақтар таратылып, әлеуметтік желіде жұмыстар ақпараттандырылуда.
– Кентішілік қалған 215 көше мен шет аймақтың тазалығына «Авто-Тех» мекемесі жауапты. Қазір аталған мердігер мекеме тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде. 4 техника мен 30-ға жуық жұмысшылар көше тазалығына атсалысып жатыр. Жалпы кент тазалығы күнделікті біздің бақылауымызда, – дейді Әйтеке би кентінің әкімі Мұрат Әбсұлтанов.
Жалпы елді мекендерді санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру айлығын өткізу жөніндегі облыс және аудан әкімінің Өкімі аясында Әйтеке би кентінде тазалық айлығы тұрақты ұйымдастырылуда. Көктемнің алғашқы күнінен бастап бөлінген көшелер мен аумақтарда тазалық жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді. Яғни көше бойын тазарту, аяқ су арықтарын тазалау, электр бағандарын әктеу, қоршауларды сырлау жұмыстары атқарылуда. Осы жұмыстар барысында 37 шақырымды құрайтын ішкі аяқ суарықтары мен 12 шақырым көше борьюдерлері қоқыстан тазартылған. В.Счастнов, Қ.Пірімов көшелеріндегі қоршаулар сырлануда. Бүгінге дейін 2,6 шақырым көше қоршаулары, түнгі жарықшамдар мен орындықтар, кішігірім сәулеттік формалардың (3 ратун) барлығы сырланып, жаңартылды. Ал қалған көшелердің көркін келтіру одан әрі жалғасын таппақ. Жалпы тазалық айылығындағы сенбілікке денсаулық сақтау, білім саласы мен дербес бөлімдер, теміржол ұжымдары ауызбірлікпен атсалысуда.

Нысандардың тазалығы назарда

Тазалық айлығында кентке көрік берген кәсіпкерлік нысандардың сыртқы кейпіне де көңіл бөлінді. Жалпы кент ішіндегі кәсіпкерлік субьектілердің басым бөлігі Жанқожа, Әйтеке би көшелерінің бойында орналасқан. Екі көшенің бойында халыққа қызмет ететін 55-ке жуық кәсіпкерлік субьектілері, яғни орталық базар, азық-түлік дүкендері, кафелер, сауда дүкендері бар. Кейбірінің сыртқы кейпі көшенің сәнін кетіруде.
Орталық базар айналасындағы сауда қатарларының жағдайын реттеуді мақсат тұтқан жауаптылар олқылықтардың орнын толтыруға мүдделі екендіктерін айтты.
– Ғимараттар айналасында тазарту жұмыстары алға қойылып, жыртылған кермелер мен бильбордтарды, қоршаулар мен шартақтарды қайта ретке келтіру қолға алынбақ. Сондай-ақ "Мусаев", "Ырыс-Болашақ", базарларының, "Талап" автостанциясының кірер қақпасын жаңалап, ауыстыру алдағы жоспардың еншісінде, – дейді жауаптылар.
Аудан әкімінің орталық көшелердегі кәсіпкерлік нысандардың аумағын ретке келтіру жөніндегі хаттамалық тапсырмасына сәйкес, тазалық айлығында базар айналасында заңсыз сауда жасаушылармен де жұмыстар жүргізілуде. Маңызды міндетті орындап жүргендердің мәліметіне сүйенсек, базар айналасындағы кәсіпкерлердің ҚР-ның «Әкімшілік Құқық Бұзушылық» туралы Кодексінің 505-бабындағы көрсетілген талаптарды орындамай қоршаған ортаны ластау, бүлдіру заңсыздықтарвна жол бергендігі анықталған. Жұмысшы топтың үздіксіз жұмысының арқасында Әйтеке би көшесіндегі аяқ су арықтарының үстіне, жаяу жүргіншілердің жолына қойылған столдар, жарнама ретінде ілінген бильбордтар, қоршаулар алынған. Көше бойын жайлаған кәсіпкерлерге аяқ су арықтарының ішін тазарту жөнінде жазбаша түрде ескертулер берілген. Заңдылыққа сәйкес, ендігі кезек көше бойында орналасқан кәсіпкерлік субьектілерінде.
Келбеті күн санап көркейген кенттің сәулетін әлеуметтік нысандар арттырып тұр десек артық айтпаймыз. Олардың сыртқы көрінісі кент көркіне әсер ететінін ескерсек, орталық көшелерде орналасқан мектеп, балабақша, сондай-ақ халыққа қызмет ететін кейбір мекемелердің айналасын ретке келтіріп, тазалап отыру маңызды. Осыған орай, кейбір мекемелердің ауласында тал егіліп, сыртқы қоршаулары мен қақпалары сырланып, тазарту жұмыстары жүргізілмек. Атап айтқанда, Жанқожа батыр, Әйтеке би, В.Счастнов, Қ.Пірімов, Р.Бағланова көшелеріндегі әлеуметтік халықтық нысандардың аумағын жинастырылмақ.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, жұмысшы топ тазалық жұмыстарын жіті қадағалауда ұстайды. Кент әкімдігінен құрылған жұмысшы топ рейд жүргізу барысында кейбір кәсіпкерлік субьектілерінің қоқыс жәшіктерімен әлі күнге дейін қамтылмағандығы анықтады.
– Тазалық жұмыстарын ұйымдастыру және оны қадағалау біздің құзырымызда. Кәсіпкерлердің жұмысын жіті бақылау барысында 15-іне ескерту беріліп, 1-еуіне әкімшілік айыппұл салынды. Бұл алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. Ендігі мәселеде тазалық сақтамаған, абаттандыру қағидаларын бұзған мекеме, кәсіпорындарға шара қолдануды жүзеге асыратын боламыз, – дейді Әйтеке би кентінің әкімінің орынбасары Тәуіржан Құлмұратов.
Тазалық айлығы кент көшелерінде ғана емес, ауданның елді мекендерінде де жалғасын табуда. Ондағы сенбілікті көзбен көрудің сәті түспесе де, кент ішінде жасалып жатқан жұмыстардан кем емесін аңғардық. Өйткені тазалық жұмыстарын әлеуметтік желіде жарыса жариялауда. Әкімшілік және мекеме қызметкерлері ауыл-аймақты ретке келтіріп, жұмыла еңбек етуде. Ал кент ішінде атқарылған ауқымды істер әрі қарай да жалғасын таппақ. Осылайша, Наурыз мерекесі қарсаңында көшелер көріктеніп, кент ажары айшықтала түсері анық.

Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
23 наурыз 2024 ж. 103 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 57

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 89

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 89

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 85

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 84

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031