Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылды

Футболдан Қазақстан құрамасы Грекиядан ойсырай ұтылды

Фото: UEFA
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына берілетін жолдама жолындағы жорығын аяқтады. Магомед Адиев жаттықтыратын құрама Афинада Грекия құрамасынан 5:0 есебімен ұтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ойынды алаң иелері ширақ бастады. 9-минутта нидерланд төрешісі Бағдат Каировтың ереже бұзғанын нұсқап, пенальти белгіледі. 11 метрлік айып добынан құрама капитаны Анастасиос Бакасетас мүлт кетпеді. Араға 6 минут сала Димитриос Пелкас есепті 2:0-ге жеткізді.

Бірінші тайм аяқталғанға дейін алаң иелері тағы екі гол соғып үлгерді. 37-минутта Фотис Ионнадис, 40-минутта Димитриос Курбелис өз еншілеріне бір-бір голдан жазды. Бұл Грекия құрамасының ойындағы айқын басымдығын айғақтай түсті.

Қазақстан құрамасының бірінші таймдағы қауіпті шабуылының бірі – Ислам Чесноковтың шабуылы. Оның алыстан тепкен добы алаң иелері қорғаушысының аяғына тиіп, қақпа бағанына кері серпілді.

Екінші таймды Магомед Адиев шәкірттері шабуылмен бастады. Алайда шабуыл болғанмен, гол соғар сәт болмады. Гректер қорғаныста мығым, шабуылда ширақ ойнады. Ойын аяқталар тұста екінші таймда алаңға шыққан Еркін Тапалов өз қақпасына автогол соқты. Осылайша Грекия құрамасы 5:0 есебімен жеңіске жетті.
22 наурыз 2024 ж. 235 0

Бау-бақшасы жайқалған

30 наурыз 2025 ж. 244

Жеңімпаз атанды

30 наурыз 2025 ж. 240

Асық ойнаған озады

29 наурыз 2025 ж. 251

ҰШҚЫР ДОП ШЕБЕРІ

29 наурыз 2025 ж. 238

Келіннің ақылы

29 наурыз 2025 ж. 239

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31