Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үкімет мемлекеттік алимент қорын құруды қолдамады

Үкімет мемлекеттік алимент қорын құруды қолдамады

Фото: Stan.kz
Үкімет Бірыңғай мемлекеттік алимент қорын құру идеясын қолдамады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет қазірдің өзінде кәмелетке толмаған балалардың құқықтарын сақтау және қорғау, оның ішінде әлеуметтік көмек алу бойынша шаралар қабылдап жатқанын түсіндірді. Сонымен бірге балаларға қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың құқығы және міндеті екенін жеткізді.

"Қор құру борышкерлер санының көбеюіне, ажырасудың өсуіне, ата-аналық міндеттемелерден жалтаруға әкелуі мүмкін. Ал қор алдындағы қарызды өтеу мәселесі де даулы болып қала береді", - деді премьер-министр.

Шетелдік тәжірибені талдау мұндай құрылымды құру үшін мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді, яғни қорды басқарудың арнайы құрылымын құруды, қосымша штаттық бірліктерді бөлуді қажет ететінін айтты.

"Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, атқарушылық іс жүргізу аясында алимент өндірудің қолданыстағы тетіктерін күшейту қажет деп санаймыз", - деді Бектенов.
22 наурыз 2024 ж. 185 0

Толымды тарту

04 қараша 2025 ж. 25

Мәңгілік мұраның мекені

04 қараша 2025 ж. 35

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930