Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Бейбітшілік белгісін баптаған

Бейбітшілік белгісін баптаған

Көкте қалықтағанда көңілге қуаныш ұялататын көгершінге деген көптің қызығушылығы жоғары. Қанаттылардың бұл түрін қолға үйретіп, күтіп-баққандардың бірі – Қазалы қаласының тұрғыны Әсет Әзілханов. Оның құс баптауға деген қызығушылығы 13 жасынан басталыпты. Қиялына ерік беріп, көкте қалықтаған құстарға таңданыспен қарайтын Әсет, бала арманын бүгін орындаған жан. Қызығушылығын өмір салтына айналдырған жігіт осынау 5-6 жылдың ішінде құс күтудің қыр-сырына қанығып үлгерген.

Бүгінде адал құс, адалдықтың символына баланатын аққанаттыларды жұбайлар бас қосқанда, түлектер білім ұясымен қоштасқанда тілек тілеп, көкке ұшыру үрдісі қалыптасқан. Қызығы сол, бір-біріне бауыр басатын кептер біткен өзінің қожайынынан айырылмайтын көрінеді. Онысы адамзат баласына адалдық деген құндылықты ұялататындай. Кейбіреулері сатып алған жаңа иесіне үйрене алмай, өз мекеніне қайта оралады. Мұндай кезде сатып алушы көгершінді қожайынына кері табыстайтын көрінеді.
Әсеттің айтуынша, өте сезімтал, еске сақтау қабілеті жоғары құсты бақылау қызықты әрі керемет.
Түрлері тұмсығының көлемі, кекілінің ауқымдылығы және табанының қауырсындалғандығына қарай бөлінеді. Біз кездестірген жылтырбасты, мұрнында кекілі бар, қоскекілді, ұзын, орташа, қысқа тұмсықты секілді әрбірінің өз ерекшеліктері бар. Қауырсындарының түсі де әралуан.
Құстардың иесі жеке кәсіппен айналысады. Құрылыс жұмыстарына қажетті газоблок шығаратын арнайы цехым бар. Бұл өнім ұзаққа төзімді, өртке қауіпсіз, экологиялық таза, жылуды сақтайтын, аз ғана үлес салмағы бар, түрлі өңдеулерге ыңғайлы құрылыс материалы. Ал көгершін ұстау хоббиі десе болады.
– Әсемдікті, әдемілікті, тазалықты қалаймын. Сондықтан да болар құстар ішінде көгершінге деген қызығушылығым басым. Олардың көкте қалықтағаны әсерлі. Оны сезіне білу керек. Тіпті көгершіндер туралы қызықты деректер жетерлік. Мәселен, көгершін – ауыл-аймақты жақсы тани алатын құс. Туған жерін, ұя салған орнын жазбай таниды. Көгершінді ұстап алып, алысқа апарып тастаса да, ұясын іздеп табатын киелі құс. Мұны ежелгі адамдар да байқаған. Содан көгершінді пошташы «қызметіне» алып, қарым-қатынас құралына айналдырған деседі.
Пошта тасуға басқа құстарды да үйретуге болады. Бірақ хатшылық көгершіннің қанында бар қасиет. Оны үйретіп қажет емес. Қанатына хатты байлап, ұшырып жіберсең болды туған жерін айнымай табады. Көгершіннің кемшілігі тек бір бағытта ғана, яғни, үйіне қарай ұшатыны ғана. Көрешіндер туралы мынадай жайтты да көз шалғаны бар.  Француздар шағаланы, орыстар сұңқарды, ағылшындар қарлығашты пошта тасуға үйретіп көрген. Алайда олар көгершіндей көрсеткіш көрсете алмады. Көгершін жылдам, ауа райына қарамайды екен, – дейді. бейбіт күнді сүйетін, өмірдің сақшысына айналған құсты баптаған Әсет.
Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА
19 наурыз 2024 ж. 124 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031