Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде банкрот болғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды

Елімізде банкрот болғандар 5 жылға дейін несие ала алмайды

Елімізде банкрот болған азаматқа 5 жылға дейін несие берілмейді. Сондай-ақ, жағдайы қиындай түссе 7 жылдан кейін тағы банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Банкрот мәртебесін алудың салдарына тоқталсам. Жеке тұлғаға 5 жылға дейін несие беру шектеледі. Азамат араға 7 жыл салып банкроттыққа қайта жүгіне алады. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде ол азаматтың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу көзделген. Сол себепті азамат өзін банкрот деп жариялаудан бұрын ықтимал салдары мен шектеулер туралы ойлануы қажет», - деді Ержан Біржанов Сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстел барысында.

Оның айтуынша, сот банкроттық рәсімін қаржы басқарушылары арқылы жүзеге асырады.

Яғни, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді банкроттық рәсімін жүзеге асыратын әкімшілер, кәсіби бухгалтерлер, заң консультанттары және аудиторлар.

«Негізгі заң жобасынан бөлек, 4 кодекс пен 12 заң бойынша өзгертулерді көздейтін ілеспе заң жобасы мен «ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу ұсынылады. Жалпы, аталған заңды іске асыру азаматтардың борыштық жүктемесін азайтуға, әлеуметтік шиеленісті жеңілдетіп, қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталады. Сонымен қатар қарызды банкроттықтан кейін бірқатар шектеу азаматтардың қарызын өтеуге ынталандырады деген үміттенеміз», - дейді ол.
20 желтоқсан 2022 ж. 529 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 140

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 133

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 121

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031