Қыздар 8 наурызда қандай сыйлық алғысы келеді?
Energyprom зерттеуіне сенсек, әсіресе Қарағанды облысында бағаның шарықтағаны (41,5%) байқалады. Антилидер қатарында Алматы облысы (18,1%) және Астана қаласы (14,5%) бар.
Бағаның ең төмен жылдық өсімі Алматыда тіркелді (1,3%).
Ақмола, Жамбыл және Жетісу облыстарында бағалар өткен жылдың қаңтар айы деңгейінде қалды. Тағы екі өңірде бағалар төмендеген.
Атап айтсақ, Павлодар облысында 0,9%-ға, Ұлытау облысында 6,1%-ға арзандаған.
Еліміздің ауыл шаруашылығы нарығында қаңтар айында раушан гүлі орта есеппен 946 теңгеден сатылған (1 данасы).
Абай облысының тұрғындарына қымбатқа түскенін (1,4 мың теңге) атап өткен жөн.
Қостанай (1,3 мың теңге) және Шығыс Қазақстан (1,2 мың теңге) облыстарында сәл-пәл арзан бағамен саудаланған.
Ал шымкенттіктер бір раушан гүлге небары 600 теңге жұмсаған.
Айтпақшы, 2022 жылы picodi.com жүргізген сауалнамаға сәйкес, қазақстандық әйелдердің 39% ғана мерекеге гүл алғысы келеді екен.
Әйелдердің 87% — жұмыста, 89% — жақын адамдарынан гүл алады.
Айта кетейік, сауалнамаға сәйкес, гүл таңдаулы сыйлықтар арасында бесінші орында.
Әйелдер қауымы сыйлыққа көбіне ақша (69%), парфюмерия (63%) және косметика (54%) алғысы келеді.
Сондай-ақ, мерекеге орай алкоголь (50%), іш киім (44%) және ашық хат (38%) қалайтындар да бар.
Фото: artfile.ru