Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұн бір жылда 16 пайызға қымбаттады

Ұн бір жылда 16 пайызға қымбаттады

Қазақстанда ұн бір жылда 16 пайызға қымбаттады, - деп хабарлайды massaget.kz energyprom.kz деректеріне сілтеме жасап.
Жеті өңірде қымбатшылық 20 пайыздан асты. Дәнді және өсімдік дақылдарынан ұн өндіру биыл қаңтар-мамыр айларында шамамен 1,4 миллион тоннаға жетті.
2023 жылғы мамырдың қорытындысы бойынша ұн бағасы бір айда 0,2 пайызға және 2022 жылғы мамырмен салыстырғанда 16,2 пайызға өсті. Былтыр айлық өсім 6,8 пайыз, жылдық өсім 29,9 пайыз болды.
Өңірлер арасында бір жыл ішінде ұн Павлодар облысында айтарлықтай қымбаттады, яғни бірден 41,8 пайызға өсті. Одан кейін Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары тұр. Мұнда баға 39,1 пайызға және 34,5 пайызға өскен. Бағаның ең аз өсімі Шымкент қаласында (жылына 2 пайызға), Солтүстік Қазақстан (8,4 пайызға) және Қарағанды (11,2 пайызға) облыстарында тіркелді.
Алматы облысында ұн бағасы төмендеді (бірақ тек 0,9 пайызға). 2023 жылғы мамырда жоғары сұрыпты бидай ұнының орташа бағасы 375 теңге болды. Көрсеткіш Павлодарда 297 теңгеден Астанада 442 теңгеге дейін өзгереді. Сондай-ақ, Атырау мен Ақтауда қымбат екені байқалады (428 теңге), ал Ақтөбе мен Қарағандыда төмен бағалар тіркелген (келісіне 300 теңге және 303 теңге).
03 шілде 2023 ж. 389 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 78

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930