Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас мамандар жүздесті

Жас мамандар жүздесті

Е.Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейде аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «ЖАРҚЫРА, ЖАСА, ЖАС МАМАН» атты аудандық форум өтті.
Жиынға білім беру ұйымдарынан 80 жас маман қатысқан шараның ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері Дузелбаева Гулнар Жамалбекқызы алғысөз сөйлеп, сәттілік тіледі.
Форум бағдарламасы бойынша жас мамандар Жалғас Жансаяның ұйымдастыруымен «Бір үйдің баласындай...» тренингінде форумға қатысушы жас педагогтардың шығармашылық қабілеттерін шыңдау мақсатында топтық педагогикалық ойындар жүргізді. Ұстаздар 6 бағытта ұйымдастырылған керемет іс- тәжірибелермен танысты.
«Қолөнер – мол өнер» бағытында М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейінің технология пәні мұғалімі Көпжасар Тілектес қыш құмыра бағытында жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ. практика жүзінде саз балшықтан әр түрлі формада құмыралар жасады.
Бұдан бөлек, М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің ұйымдастырушы педагогі Смағұл Жұлдызай «Мандала» әдісін ұсынды. Мандала әдісі – сурет салу арқылы адамның ішкі жағдайын бағалауға арналған диогностикалық материал. Қатысушы жас ұстаздар баяу әуен арқылы өздерінің ішкі құпияларымен бірге көңіл сандығын аша білді.
Жиын барысында Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің жас маманы Жақсылық Әсел "Мұғалімнің цифрлық зертханасы" (электронды портфолио, интернет ресурс жасау) тақырыбында жас мамандарға шебер сынып өткізді. Шебер сынып барысында Www.wix.com платформасында жасалған жұмыстарымен таныстырып, сайттың мүмкіндіктері және оны қалай пайдалану туралы көрсетті. Жас мамандар сол жерде өздеріне жеке электронды портфолио жасап, практика жүзінде платформа жұмысымен танысты. Шебер сынып соңында пікірлер ортаға салынып, Padlet тақтасында кері байланыс жасады.
М.Горький атындағы №16 мектеп-лицейдің жас маманы Марат Перизат "Дебат және ТЕD" тақырыбында жас мамандарға шебер сынып өткізді. Онда дүниежүзілік мектеп форматымен таныстырып, жас мамандарға берер мүмкіндіктерін атап көрсетті. Ұстаздар теориялық білімдерін, практика жүзінде толықтырып, шебер сынып соңында жас мамандар пікірлерін «ҰЛТТЫҚ ҚОРЖЫН»-ға салды.
Форум барысында С.Сейфуллин атындағы №165 мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нағашыбай Берік, №266 мектеп-лицейдің ағылшын тілі пәні мұғалімі Қазанбай Гаухар, №98 орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Толыбаева Қымбат «Цифрлық әлем» тақырыбында сабақ үдерісінде қолдана алатын платформалық әдіс-тәсілдерді жасау жолдарын игерту мақсатында шеберлігімен бөлісті.
Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің жас мамандары Сараман Аслан «Әдістемелік құрал және авторлық бағдарламаны әзірлеу, Сараман Гүлдана «Оқушыларды зерттеушілік жұмыстарға бағыттаудағы педагогикалық қызмет» тақырыбында түсіндірме жұмыстар жүргізілді. Жұмыс барысында жас мамандар, әдістемелік құрал мен авторлық бағдарламаның айырмашылықтары мен олардың жасалу жолдары, ғылыми жобалардың жазылу стандарты мен оған қойылатын талаптар және жазылу барысында кететін қателіктер мен олардың жасалу жолдары туралы ақпарат ала отырып, осы бағытта бірлесе жұмыстар жасады.
Сонымен қатар, Ы.Алтынсарина атындағы №204 орта мектептің арнайы маманы Елубайқызы Толқынай, №21 «Алпамыс» бөбекжәй-балабақшасының психологы Мейрамбек Меруерттің ұйымдастыруымен «Әлем сенімен керемет!» тақырыбында қатысушы жас мамандармен арт-коучинг психологиялық сағаты жүргізілді.
Мұғалімдер түстер политрасын пайдалана отыра саусақ арқылы әуен ырғағымен қиялынан туындаған бейнелерді ақ қағаз бетіне түсірді.
Форум соңында жиынға қатысушы жас мамандар берері мол, іс- тәжірибелерімен бөліскен ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Шарада тәжірибесімен бөліскен жас мамандар аудандық білім бөлімінің Алғыс хатымен марапатталып, қатысушыларға сертификаттар табысталды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
04 наурыз 2024 ж. 167 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031