Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетақы жинақтарынан енді венчурлық қорларға қаржы құйылады

Зейнетақы жинақтарынан енді венчурлық қорларға қаржы құйылады

Фото: gov.kz
БЖЗҚ қорына венчурлық қорлардың акицяларын сатып алу құқығы беріледі. Елімізде инновация мен жаңа технологияларды дамыту үшін венчурлық секторға қомақты қаржы бөлінбекші. Яғни, инвестиция "Самұрық–Қазына" компанияларынан, банктерден, сақтандыру компанияларынан және зейнетақы қорларынан тартылмақ. 
Сондай-ақ Қазақстанның Кәсіпкерлік кодексі мен Әлеуметтік кодексіне өзгертулер енгізу жоспарланып отыр. Өзгертулер жобасы дайын, ол жақын арада Мәжілістің талқылауына ұсынылады. 
Цифрлық даму министрлігінің түсіндірме жазбасына сәйкес, бұл шара президенттің венчурлы қорларды қаржыландыруға шетелдік және отандық инвесторларды тарту жөніндегі тапсырмасымен орындау үшін қолға алынған. 
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры енді венчурлы қорлардың жарғылық капиталындағы үлестерді немесе қатысу үлестерін сатып ала алады. Одан инвестициялық табыс көруге де құқылы болады. Егер жобалар табысты жүзеге асып жатса, жоғары инвестициялық табыс есебінен қазақстандықтардың жеке жинағының сомасы да арта түседі.  
23 ақпан 2024 ж. 184 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930