Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгені құрайды

Қазақстанда ең жоғары зейнетақы 707 мың теңгені құрайды

Қазақстанда ай сайын төленетін ең жоғары зейнетақы 700 мың теңгеден астамды құрайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) сілтеме жасап. БЖЗҚ ақпаратына сәйкес, зейнет жасына толуына байланысты ай сайын төленетін орташа зейнетақы 29 360 теңге болса, ай сайынғы ең жоғары төлем 707 326 теңгені құрайды.
Айта кетейік, жыл басынан қазақстандықтар БЖЗҚ-ға 523 миллиард теңгеден астам қаржы аударған. «2022 жылдың төрт айында салымшылардың шоттарына шамамен 523,5 млрд теңге көлемінде зейнетақы жарналары түсті. Бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 27% немесе 110,7 млрд теңгеге көп. Өсім жарналардың барлық түрі бойынша болғанын атап өту керек», - делінген мәліметте. Жалпы, биылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, БЖЗҚ салымшыларының шоттарында 13,0 трлн теңгеге жуық зейнетақы жинағы сақтаулы. Салымшылардың жарналарынан бөлек, зейнетақы жинақтары таза инвестициялық табыстың арқасында артқан. 2022 жылдың 1 қаңтары мен 1 мамыры аралығында бұл көрсеткіш 128,7 млрд теңге болды. 2022 жылдың 1 мамырына қарай, БЖЗҚ-дағы жеке зейнетақы шоттарының саны 11,7 млн жетті. Шоттардың ең көп үлесі міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен ашылды – 10 870 075. Сондай-ақ мәлім етілгендей, жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 921,4 млрд теңге төледі, оның басым бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері (БЗТ) құрайды – 831,7 млрд теңге. Жасына байланысты төлемдер – 37,0 млрд теңге, мұрагерлік бойынша төлемдер – 23,4 млрд теңге, ҚР шегінен тыс ТТЖ кетуге байланысты төлемдер – 16,9 млрд теңге, сақтандыру ұйымдарына аударымдар шамамен 9,7 млрд теңге, жерлеуге арналған төлемдер – 1,9 млрд теңге және мүгедектік бойынша төлемдер – 0,8 млрд теңге.

27 мамыр 2022 ж. 655 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 18

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930