"42 градус суық": синоптиктер аяз сақталатын өңірлерді атады
Фото: Bugin.kz / Ғайнижамал Арыстанбек
Қазгидромет синопиктері еліміз бойынша 23 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.
Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады. Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында, орталығында атмосфералық фронттардың әсерінен жауын-шашын, көбіне қар жауады.
Көктайғақ, жаяу бұрқасын болады, жел күшейеді. Қазақстан бойынша тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында 42 градус қатты аяз, Абай облысының шығысында 40 градус қатты аяз сақталады.