Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Албания билігі TikTok желісіне бір жылға шектеу қоймақ

Албания билігі TikTok желісіне бір жылға шектеу қоймақ

Албания премьер-министрі TikTok әлеуметтік желісіне бір жылға шектеу қойылатыны туралы мәлімдеді. Айтуынша бұл оқушылардың білімге назар салып, дамуына көмектеседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Albanian Daily News порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pexels.com
21 желтоқсанда Тиранда албандық мұғалімдермен, ата-аналармен және психологтармен кездесуде премьер-министр Эди Рама TikTok-ты "ауладағы бұзақыларға" теңеді. Сол себептен шектеу шарасы 2025 жылдың басынан бастап күшінде болатынын мәлімдеді.
"Біз оны бір жылға жауып, оқушылардың біліміне қызмет ететін және ата-аналарға балаларының дамуын бақылауға көмектесетін бағдарламаларды енгіземіз", - деді ол.
Сондай-ақ, Албанияның Білім министрі барлық мемлекеттік мектептерде "Ақылды қала" жобасы аясында зияткерлік камералар орнатылатынын жеткізді. Бұл өз кезегінде оқу орнының ішінде тиімді мониторингті қамтамасыз етеді.
Өткен айда Албанияда 14 жасар баланы сыныптасының өлтіруі қызу талқыға түсті. Ата-аналар, психологтар мен тәрбиешілер балалардың мінез-құлқына әлеуметтік желінің әсер етіп жатқанын айтқан еді.
22 желтоқсан 2024 ж. 343 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930