Еліміздің 4 жоғары оқу орнында «Этносаяси сауаттылық» пәні енгізілді
«Этносаясаттану» және «Этножурналистика» бағыттары бойынша бағдарламалары бар жоғары оқу орындарының санын арттыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Мәдениет және ақпарат министрлігі.

Жылдың маңызды оқиғаларының бірі — 25 сәуірде Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясы. Бұл шараға 1500-ден астам адам, соның ішінде ҚХА мүшелері, Парламент депутаттары және этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.


— Білім беру саласында еліміздің төрт жоғары оқу орнында «Этносаяси сауаттылық» пәні енгізілді. «Этносаясаттану» және «Этножурналистика» бағыттары бойынша бағдарламалары бар жоғары оқу орындарының санын арттыру жұмыстары жүргізілуде, — делінген хабарламада.
Еліміздің жастарына арналған «Бірлік» халықаралық жастар лагері және ҚХА-ның «Тіл мектебі» ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Бір ел» және «Бейбітшілік пен келісім жолымен» жобалары жүзеге асырылды.

2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толады. Осыған орай, 5 мыңнан астам түрлі форматтағы іс-шаралар жоспарланған.
Бұған дейін Гвинея-Бисау жастары Қазақстанның жоғары техникалық оқу орындарында білім алғысы келетінін жазған едік.