Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жасөспірімдер қауіпсіздігі қадағалануда

Жасөспірімдер қауіпсіздігі қадағалануда

Кезектілікке сәйкес аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тлеумбетов жетекшілік ететін қоғамдық тәртіпті бақылауға құрылған рейдтік топ жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарды аралап, түсіндірме жұмыстарын жасады.
Нақтыласақ, Дәурен Оңғарбайұлы бастаған арнайы топ Әйтеке би кентіндегі ойын алаңдары, орталық стадион, саябақ, ойын-сауық орталықтары және жастар көптеп бас қосатын компьютер клубтарына, түнгі клуб, кафе, бильярд және мейрамханаларды аралады.
Аудандағы құқық бұзушылық пен топтық төбелестің алдын алу мақсатында құрылған топтың құрамында аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбіловпен қатар білім беру ұйымдарының өкілдері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және басқа да бөлім қызметкерлері бірге жүрді.
Кезектілікке сәйкес жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған рейд жұмыстары күнделікті жалғасын табатын болады.
Қазалы ауданы әкімдігінің баспасөз хатшысы
22 ақпан 2024 ж. 230 0

Табысты тағамнан тапты

01 қараша 2025 ж. 149

Кәсіптің көзі – күріште

01 қараша 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930