Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 68,2 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

68,2 мыңнан астам адам Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысты

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 1,7 мыңы оқуды аяқтадыБиылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға 68,2 мың адам қатысты. 55,9 мың адам жұмысқа орналасты, оның 17,3 мыңы тұрақты жұмысқа орналасты, деп хабарлайды аlmaty.tv www.gov.kz сілтеме жасап.
Субсидияланатын жұмыс орындарына 38,7 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарымен 2,4 мың, жастар практикасымен 1,3 мың, қоғамдық жұмыстармен 33,4 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 365 адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 17 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 670 адам жұмыспен қамтылды.
Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 2 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 1,7 мыңы оқуды аяқтады.
Сондай-ақ, «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту 10,3 мың адамды қамтыды, оның ішінде 7 мың адам сертификат алды.
Сонымен қатар, қызмет саласын таңдау мақсатында 10,4 мың адам әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті.
15 ақпан 2023 ж. 165 0

Бишімбаев ісі

13 мамыр 2024 ж. 60

Магниттік дауыл

12 мамыр 2024 ж. 89

Тәтті әлем

12 мамыр 2024 ж. 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031