Сапалы ас – сау ұрпақ
Өздеріңізге белгілі, бірер жылдан бері бастауыштың балғындары мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ас ішеді. Ас мәзірі стандартқа сай бекітіліп, құнарлы тағамдар іріктеліп алынған. Осы тұста «…Баланың қарным ашты дегеніне сен» деген тәмсілді алға тартып, ас бөлмесіндегі тазалық тәртібін ұмыт қалдыруға әсте болмайды. Осыған байланысты жақында облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бірнеше топ құрылып, мектеп асханасындағы тіршілікті бақылау жұмысы басталды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов пен аудан ұстаздарының арадагерлер кеңесі төрағасы Серік Қуанышбаев пен аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы басшының орынбасары Майра Ршымбетова, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбіловтен құралған топ алдымен С.Сейфуллин атындағы №165 мектепке ат басын тіреді. Мұнда арнайы топ ас мәзірінің күнделікті орындалуын, сынама тағамдарды қарап шықты.
Бұдан кейін Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектеп пен №276 білім ордасындағы асхананың техникалық жабдықтарын, қоймадағы тағамдар жарамдылық мерзімін тексерді. Тазалық орындарының толыққанды жұмыс істеуін, қол жууға арналған жылы судың бар-жоғын байқады.
Бақылау барысында көзге түскен кемшіліктерге байланысты мектеп директоры мен жауапты мамандарға олқылықтың орнын толтыруға тапсырма берілді. Балалар қауіпсіздігіне бағытталған жұмыс бұдан әрі жалғасын тапты. Яғни, келесі күні аудандық білім бөлімі басшысы бастаған бақылаушы топ №266, 70, 170, 226, 216, 288 мектептерде ұйымдастырылған асхана ахуалын көріп қайтты.
Бақылау барысында ыстық тамақпен айналысып отырған кәсіпкерлерге кемшіліктерді түзеу, балалардың несібесіне жауапкершілікпен қарау, мектеп басшылары мен комиссия мүшелеріне талапқа сай қызмет көрсетілуін жіті қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, жалпы аудан бойынша мектеп қабырғасында білім алып жүрген 8527 шәкірт мемлекет есебінен тегін тамақтанады.

"ҚАЗАЛЫ" ақпарат