Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сапалы ас – сау ұрпақ

Сапалы ас – сау ұрпақ


Өздеріңізге белгілі, бірер жылдан бері бастауыштың балғындары мектеп асханасынан бір мезгіл тегін ас ішеді. Ас мәзірі стандартқа сай бекітіліп, құнарлы тағамдар іріктеліп алынған. Осы тұста «…Баланың қарным ашты дегеніне сен» деген тәмсілді алға тартып, ас бөлмесіндегі тазалық тәртібін ұмыт қалдыруға әсте болмайды. Осыған байланысты бүгін облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес бірнеше топ құрылып, мектеп асханасындағы тіршілікті бақылау жұмысы басталды.
Аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеуімбетов, аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешов пен аудан ұстаздарының арадагерлер кеңесі төрағасы Серік Қуанышбаев пен аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасы басшының орынбасары Майра Ршымбетова, аудандық мәслихат депутаты Күншығар Әбіловтен құралған топ алдымен С.Сейфуллин атындағы №165 мектепке ат басын тіреді. Мұнда арнайы топ ас мәзірінің күнделікті орындалуын, сынама тағамдарды қарап шықты.
Бұдан кейін Ы. Алтынсарин атындағы №204 мектеп пен №276 білім ордасындағы асхананың техникалық жабдықтарын, қоймадағы тағамдар жарамдылық мерзімін тексерді. Тазалық орындарының толыққанды жұмыс істеуін, қол жууға арналған жылы судың бар-жоғын байқады.
Бақылау барысында көзге түскен кемшіліктерге байланысты мектеп директоры мен жауапты мамандарға олқылықтың орнын толтыруға тапсырма берілді. Балалар қауіпсіздігіне бағытталған жұмыс бұдан әрі жалғасады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
06 ақпан 2024 ж. 246 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930