Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көркем еңбек ұстаздары кездесті

Көркем еңбек ұстаздары кездесті


8 ақпан күні Қ.Сәтбаев атындағы №216 орта мектепте көркем еңбек пәні мұғалімдерінің «Өнер-ағып жатқан бұлақ, Ілім-жанып тұрған шырақ» атты аудандық семинары өтті.
Семинардың бағдарламасына орай мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Б.Бекетов пен әдіскер Ә.Әбілдің қатысуымен ашылу салтанаты рәсімінен басталды. Көркем еңбек сабағында оқушыларды колөнер арқылы ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу мақсатында өткізілген семинар барысында бағдарламаға сәйкес жұмыстар көрсетілді.
Жиынға келушілер алдымен пән мұғалімдерінің бағыт бойынша түрлі стильде дайындаған көрме жұмыстарымен танысты. Семинар барысы көркем еңбек пәні мұғалімі Баекеев Әкімбектің «Бұйымды жасау. Материалдармен бөлшектерді механикалық өңдеу», Қуанышбай Ақмаржанның «Дизайн. Киімді макеттеу» тақырыбындағы ашық сабақтарымен жалғасты.

Сонымен қатар семинар барысында өткізілген Сәрсенбаев Дәуреннің «Копилка құю технологиясы», Мамай Жанрадың «Қол сөмкесін тігу технологиясы» тақырыбында өткен шеберлік сабақтары семинар қатысушылары тарапынан оң бағасын алды. Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдіскері Ә.Әбіл қорытынды өткізіп, әріптестері бағдарламаға сәйкес өткізілген сабақтары жайында тәжірибе алмасып, жоғары деңгейде өткізгендігін айтты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
09 ақпан 2024 ж. 108 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031