14 облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды
Фото: azattyq-ruhy.kz
«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанның 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде бұрқасын, күндіз облыстың басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында көктайғақ, бұрқасын. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, облыстың орталығында 23-28 м/с.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 18-23, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с.
Ұлытау облысының басым бөлігінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында кей уақытта 23-28 м/с күтіледі.
Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ, жаяу бұрқасын.
Шымкентте таңертең және күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с.
Батыс Қазақстан облысының шығысында қатты қар, облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, облыстың шығысында екпіні 23-28 м/с.
Астанада таңертең және күндіз 07, тәулік бойы 08-09 ақпанда бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, күндіз 07, тәулік бойы 08-09 ақпанда кей уақыттарда 23-28 м/с.
Шығыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстік-шығысында, орталығында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, екпіні 15-20 м/с.
Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, Алакөл көлдері ауданында кей уақыттарда 23-28 м/с.
Маңғыстау облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с күтіледі.
Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында, 08 ақпанда түнде таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында, 8 ақпанда облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында көктайғақ күтіледі.