Мониторингтік топ баға тұрақтылығын көрді
Аудандық партия филиалы жанынан құрылған арнайы топ мүшелері аудандық ауылшаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің мамандарымен сауда орындарындағы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларына кезекті бақылау жұмыстарын жүргізді.
Топ құрамы ең алдымен Әйтеке би кентіндегі MARLEN және ARZAN сауда орталықтарында болып, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын бағамдады. Зерделеу барысында анықтылғандай азық-түлік қоры жеткілікті, баға тұрақты. Дегенмен негізгі тауарлар бағасын тұрақты ұстау мәселесі бойынша кәсіп иелеріне қосымша түсіндірме жасалды.
Топ мүшелері кезекті зерделеу жұмыстарын дәріханалар мен жанармай бекеттерінде жалғастырды. Жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы, ал дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігі анықталды.
#AMANAT