Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мониторинг жүргізілді

Мониторинг жүргізілді

Бүгін партияның Қазалы аудандық филиалы жанындағы бақылау тобы аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің және кәсіпкерлік бөлімінің мамандарымен бірлесе әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасы мен қорына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Сауда орындарын аралау барысында халық күнделікті көп тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары, оның ішінде бірінші қажеттіліктегі нан, сүт т.б өнімдерінің бағасын шекті бағадан асырмау жөнінде кәсіп иелеріне түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мұнан соң мониторингтік топтың жұмысы дәріханалар мен жанармай бекеттерінде жалғасып, жанармай бекеттерінде баға мөлшері және қауіпсіздік техникасы сақталғандығы, ал дәріханаларда дәрі-дәрмектердің бағасы қалыпты екендігі анықталды.
Аталған жұмыстар тұрақты бақылауда болғандықтан әр апта сайын азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанармай бағасына мониторинг және талдау жұмыстары тұрақты жүргізілетін болады.

#AMANAT
#мониторингAMANAT
17 мамыр 2023 ж. 134 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031