Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мобильді аударымдар тексерілмек

Мобильді аударымдар тексерілмек

Соңғы жылдары электронды, онлайн әмияндар арқылы жасалатын мобильді аударымдар қазақстандықтардың күнделікті өміріне еніп кеткені соншалық, қолма-қол, яғни қағаз бен тиын ақшалар қолданыстан шыққан. Тіпті онлайн әмияндардың көмегімен көптеген қаржылық мәселені де тез арада шеше алатындай жағдайға жеттік. Дегенмен мобильді аударымдарды кейбір кәсіпкерлердің салық төлеуден жалтаратын құралдарының біріне айналған. Сол себепті биылдан бастап қазақстандық банктер мобильді аударымдар туралы ақпаратты мемлекеттік органдармен бөлісуге міндеттеледі. Осы орайда кімдердің ақша аударымдары тексерілетінін зерттеп білген едік.
Тиісті бұйрыққа өткен 2022 жылы қол қойылып, ағымдағы жылдан бастап екінші деңгейлі банктер банктік аударымдар туралы ақпаратты мемлекеттік органдарға беру жұмысын бастайды. Алайда мобильді аударымдарды тексеру туралы Қаржы министрінің бұйрығын іске асыру кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.
Дәлірек айтсақ, бірінші кезеңде – ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік тұлғалар оған теңестірілген жұбайларының мобильді аударымдары тексеріледі. Енді мемлекеттік органдарға есеп беру кезеңі бойынша қажетті ақпарат ұсынып отыру жоспарлануда. Айта кетерлігі, аударымның барлығы емес, тек "кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудан түсім алу белгілері" анықталған аударымдар тексеріледі. Мәселен, бір жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға арналмаған банк шотына қатарынан күнтізбелік үш айдың ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан мобилді ақша аударымдары түссе, күдік туындауы мүмкін. Басқаша айтқанда, егер жүйе әртүрлі адамдардан тұрақты аударымдарды анықтаса, онда оларды тиісті органдар тексереді.
Биыл сондай-ақ бұйрықты іске асырудың екінші кезеңі басталады. Оның қорытындысы бойынша бюджет саласында жұмыс істейтін азаматтардың, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері мен олардың жұбайларының, яғни кірістер мен мүлікті декларациялаудың екінші кезеңіне қатысушылардың аударымдары тексерілетін болады.
2024 жылы кәсіпкерлерді, заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшыларын және олардың жұбайларын мобильді аударымдарын тексеру жоспарлануда. Ал 2025 жылдан бастап бұл барлық қазақстандыққа қатысты болады.
Өзіміз жақсы білетін такси жүргізушілері мен жедел жеткізу қызметтері бүгіннен бастап тұрғындарға қолма-қол ақша талап етуді қолға алған. Алайда Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Данияр Жаналиновтің айтуынша, мұның барлығы алдағы уақытта тиімді әдіспен алынатынын айтып отыр.
– Елімізде Yandex. Indriver. Uber сынды басқа да қосымшалар арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған көлік жүргізушілері көп. Қазіргі таңда жоғарыда аталған платформалармен келісімге келіп жатырмыз. Енді ондағы әрбір алынатын қаражаттар да бақылауда болады. Яғни, кім, қанша табыс тапқанын платформа өзі санап, салығын тиісті органға, бюджетке аударып отырады. Бұл іс бағдарламаны пайдаланушы жанның жұмысына еш кедергі келтірмейді, – дейді Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің басшысы Данияр Жаналинов.

Серік АҚМЫРЗА
08 қаңтар 2023 ж. 522 0

Кемел келешек тіледі

06 қазан 2024 ж. 58

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031