Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өңірлік коммуникациялар қызметі жаңашыл жобаларды жүзеге асырды

Өңірлік коммуникациялар қызметі жаңашыл жобаларды жүзеге асырды


Өңірлік коммуникациялар қызметі 2016 жылы наурыз айында құрылып, сол уақыттан бері медиа саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Орталықтың негізгі бағыты – мемлекеттік ақпараттық саясатты дамыту, түрлі салаларға бағытталған ауқымды жұмыстарды халыққа жеткізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы тығыз байланысты одан әрі нығайту.
– Бұл ретте орталығымызда «Жаңалықтар мен ақпараттық контентті қалыптастыру» бөлімі құрылған. Аталмыш бөлім тікелей баспасөз конференциялары мен көшпелі брифингтерді өткізуді, қала және аудандарда баспасөз турларын ұйымдастыруды, облыстың оң бағыттағы жаңалықтарын жариялаумен айналысады. Осы шаралардың барлығын аталмыш бөлімдегі қызметкерлер (НұрайАқжігіт, Азамат Абимолда, Динар Рахман, Айгерім Сағатова, Мұнарбек Әбілқайыр) ұйымдастырып, өздеріңізбен тығыз байланыс орнатуда. Жыл басынан бері біздің ақпарат алаңында 369 брифинг, 62 көшпелі брифинг, 28 баспасөз туры өткізілді, – дейді Облыстық қоғамдық даму басқармасы “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ-нің директоры Гүлнұр Бүркітбаева.Орталықтың бастмасымен биыл облыста салынып жатқан нысандар мен ел игілігіне пайдалануға берілген жаңа ғимараттарды, сондай-ақ, өңірдегі көз тартар көрікті жерлерді халыққа кеңінен насихаттау үшін танымал блогер өз парақшасында, әлеуметтік желілердегі пабликтерде креативті видеороликтер шығарып, көрсетілім көп жинады. Бұл аймақтың оң бағыттағы бастамасын көрсетуге үлес қосуда.Одан бөлек, жаңа бағдарламалар да көрермендерге жол тартты. Атап айтқанда, еркін форматтағы «Кешкі кофе» жобасының 5 шығарылымы жарық көрді, «TED Q»ашық алаңы ұйымдастырылып, оған орталық жанынан құрылған сарапшылар тобы қатыстырылды.

28 желтоқсан 2023 ж. 268 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 101

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 98

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 97

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 89

Кітап – Ұлттық қазына

18 сәуір 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930