Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрылыс уақытылы аяқтала ма?

Құрылыс уақытылы аяқтала ма?

Биыл Қазалы ауданында құрылыс қарқынды жүргізілуде. Соның бірі – Бозкөл және Кәукей ауылдарындағы дәрігерлік амбулатория. Апта басында Абай ауылындағы ғимараттың жұмысымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Бозкөл және Кәукей ауылдарына арнайы барды.
Іс-сапар барысында аудан басшысы екі бірдей дәрігерлік амбулаторияны бақылап, нысандардың жұмысын тез арада жеделдетуді тапсырды. Қазір аталған ғимараттардың жұмысы аяқталуға жақын. Ішін сырлау, бояу, жарықты жүргізу сынды ішкі жұмыстары атқарылуда. Оған қоса қажетті құрал-жабдықтары да орналастырылып жатыр.
Мұхтар Оразбаев аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Нұрбек Күзембаевқа қатаң тапсырма жүктеді. Мұнымен қоса барлығын назарда ұстап отыруды тапсырды.
Бұдан соң Мұхтар Әуесұлы Кәукейдегі 100 орындық мәдениет ошағына бағытын бұрды. Құрылысы кешеуілдеген нысанның жұмысы бүгінде қарқын алды. Жауапты мердігер мен мекеме қызметкерлеріне қатаң ескерту жасаған аудан басшысы бой көтерген ғимарат көптің қуанышы екенін айтты. Сондай-ақ нәтижелі жұмыс істеп, жауапкершілікпен қарауды талап етті.
Бірнеше нысанға аялдаған аудан әкімі Тасарық-Тасөткел аралығындағы 13 шақырым жолдың жайымен де танысты. Қазір мұнда қиыршық тас төселуде. Мердігер мекеме жол құрылысын жуық арада аяқтайтынын айтты.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
12 желтоқсан 2023 ж. 177 0

Ғайып болған елес ауыл

14 мамыр 2024 ж. 135

Қамыс басындағы қыз

14 мамыр 2024 ж. 122

Қарақұмға қой көшкенде

14 мамыр 2024 ж. 105

Аналар ардақталған күн

14 мамыр 2024 ж. 121

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031