Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Еліміздің үздік педагогтері анықталады

Еліміздің үздік педагогтері анықталады

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы аяқталуға жақын. Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагогикалық қызметтегі ұстаздаздар қатысты, деп хабарлайды egemen.kz
Оқу-ағарту министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпазға «Үздік педагог» сертификаты, «Үздік педагог» төсбелгісі және 1 000 АЕК – 3 450 000 теңге ақшалай сыйлық беріледі.
Айта кетейік, байқау аудандық, облыстық, республикалық кезеңдері бойынша өтті. Үміткердің педагогикалық қызметтегі жоғары жетістіктері мен конкурсқа қатысу кезеңінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы шарт.
Байқаудың бірінші кезеңіне қатысу үшін 961 өтініш келіп түсті, оның ішінде 461 педагог облыстық кезеңге өтті. Байқаудың екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаздар үшінші кезеңге жолдама алды. Республикалық байқаудың ақтық кезеңі биылғы жылдың қараша айында өтеді.
19 қазан 2023 ж. 138 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031