Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Үздік педагог» атағы иегеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі

«Үздік педагог» атағы иегеріне 3,5 млн теңге сыйақы беріледі

Елімізде «Үздік педагог» республикалық байқауы басталды. Оған меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан барлық мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының штаттық педагог қызметкерлері қатыса алады, деп хабарлайды inform.kz
Атап өту керек, конкурс үш кезеңнен тұрады: аудандық, облыстық және республикалық. Үміткердің педагогикалық қызметте жоғары жетістіктері және конкурсқа қатысу кезінде кемінде бес жыл үздіксіз педагогикалық тәжірибесі болуы керек.
Байқаудың бірінші кезеңіне қатысуға 1311 өтінім берілген. Қазір аудандық, қалалық комиссия олардың портфолиосын бағалау жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Екінші кезеңде әр аудан, қаладан 100 ұпайдың 80 пайызынан кем емес ұпай жинаған 10 қатысушы таңдалады. Республикалық байқаудың үшінші кезеңі осы жылдың қыркүйек айында өтеді.
Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша 64 жеңімпаз «Үздік педагог» куәлігімен, «Үздік педагог» төсбелгісімен және 1 000 АЕК (3 450 000 теңге) көлемінде ақшалай сыйлықпен марапатталады.
17 тамыз 2023 ж. 130 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 112

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 164

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031