Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытай көлігіне сұраныс артты

Қытай көлігіне сұраныс артты

Қазақстанда қытайлық көлікке сұраныс артқан. Мамандар мұны түрлі себеппен байланыстырады.
Бастысы жаңа көліктің бағасы біздегі брендке айналған "Тойота" мен "мерстің" ескілерімен салыстырғанда әлдеқайда арзан әрі "ақылды үй" секілді заманауи технологиямен жабдықталған, деп хабарлады sputnik.kz
Сондықтан кілтипаны көп көне көлікті жөндеп әуре болғанша, жұрт жаңасын мінгісі келеді. Ал еліміздегі 4 жарым млн-ға жуық көліктің жартысына жуығы ескі.
Әділдің бұған дейінгі көлігі де қытайлық болатын. Бес жыл айдап, биыл жаңасын алды. Сұраныстың көптігі соншалық, осының өзін бір ай күтіпті.
"Жаңа көлігім биік, бордюрге қарамайды. Кез келген жерге сыйып кетеді. Бағасы да жақсы. Салоннан 7 миллионға алдым. Круиз-бақылау, сенсорлы дисплей бар. Беріліс қорабы вариатор", - дейді Әділ Карин.
Атауын жаттап үлгірмей жатып, көліктің жаңа түрін ұсынатын Қытай қазір талғампаз тұтынушының қалауынан шығып тұр. Бұған отандық автоөндірістің ішкі нарықты қамтып үлгірмей жатқаны да түрткі. Сарапшылардың айтуынша, тың технология үшін бағаны өсіретін еуропалық өндірушілердің өзін артта қалдырған Қытайдың қазіргі көліктері жылжымалы гаджет секілді.
"Олар бір көрмеге мың жарымдай модель әкеледі. Енді бірнеше жылда бүкіл әлемнің автонарығында қытай көліктері болатын сияқты. Адамдар бұрынғыдай оның қозғалтқышының шойын болғанына, шанағының антикоррозиялық өңдеуден өткеніне көп қарамайды. Жайлылығына, технологиясына қарап алып жатыр", - дейді сарапшы Нұрлыбек Рахман.
Бір ғана Орал қаласының өзінде аспанасты елінен әкелінген көліктің 40-50 түрін сататын 6 автосалон бар. Олардың қатары әлі де көбеймек. Өйткені 4 проценттік жеңілдік бұйыртпай өкпелегендер осы көліктерге әуес.
"Жұмасына бір автовоз келіп тұрады. 6 машинаны біз екі-үш күнде сатып үлгеріп жатырмыз. Сапасы өте керемет, бұрынғы қытай көліктеріне қарағанда жақсартылған", - дейді автосалон басшысы Ерлан Бекесов.
Биылдың өзінде көрші елден 17 мыңға тарта көлік әкелініпті. Бұл былтырғыдан 30 процентке көп.
19 қазан 2023 ж. 139 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031