Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады

Мемлекет басшысы ХI Азаматтық форум қатысушыларына үндеу жолдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды ХІ Азаматтық форумның ашылуымен құттықтады.
«Жиырма жыл ішінде бұл форумның тиімділігі мен қажеттілігі дәлелденіп, салмақты ойлар мен салиқалы пікірлер айтылатын алаңға айналды. Осында көтерілген жасампаз бастамалар мен ұтымды ұсыныстар азаматтық қоғамды дамытуға және жалпыұлттық келісімді нығайтуға тың серпін береді. Үкіметтік емес ұйымдар және қайырымдылық қорлары, белсенді азаматтар мен еріктілер ел тағдырына бей-жай қарамай, қоғамның өзекті мәселелерін шешуге барынша атсалысып жүр. Олар ынтымақтастық пен нағыз отаншылдықтың озық үлгісін танытып, еліміздегі бірлік пен татулықты сақтауға зор үлес қосып келеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан ауқымды өзгерістер қоғамда жаңа этика қалыптастыруды талап етеді. Осы орайда әділдік пен гуманизм, өзара сенім мен жауапкершілік, заң мен тәртіп, еңбекқорлық пен білімпаздық жаңа этиканың өзегі болуға тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Президент мемлекет пен үкіметтік емес сектордың тығыз ынтымақтастығы елімізді жан-жақты дамытуға ықпал етіп, Әділетті Қазақстанды құруға жол ашатынына сенім білдірді.
19 қазан 2023 ж. 152 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930