Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астанада VІІІ Азаматтық форум басталды

Астанада VІІІ Азаматтық форум басталды

Астанада VІІІ Азаматтық форум басталды. Елбасының қатысуымен өтетін ауқымды шара екі күнге созылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл форумның маңызы бөлек. Біз осында еліміз қандай бағыт-бағдарда келе жатыр сол мәселелерді талқылауға жиналдық. Мен осы форумды ұйымдастырушылар - Азаматтық альянс басшылығына алғыс айтқым келеді. Әлбетте, азаматтық форум жылына екі мәрте өткізілгенімен, бұл жолғы шараның ерекшелігі Мемлекет басшысының қатысуы. Екіншіден, осы жиында ендігі уақытта қалай өмір сүреміз деген сұраққа жауап іздейміз. Азаматтық қоғамның және үкіметтік емес сектордың дамуы да осында талқыланады. Біз белгілі бір нормативті құқықтық құжатты қабылдамас бұрын немесе белгілі бір саяси шешімге келмес бұрын сіздердің (ҮЕҰ мүшелеріне) пікірлеріңізді білсек деп едік», - деді форумның ашылуында Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев.

Айта кетерлігі, қарашаның 27-28 күндері өтетін VІІІ Азаматтық форумды өткізу арқылы үкіметтік емес ұйымдар, мемлекеттік органдар, бизнес-секторлардың өкілдері күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді шешуде ортақ тәсілдерді құруды көздеп отыр. Қоғамдық даму вице-министрі Сергей Коноваловтың айтуынша, VІІІ Азаматтық форумның күн тәртібіндегі негізгі мәселесі - азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Тұжырымдама жобасын талқылау. Форум жұмысына 850 адам қатысады. Шара барысында әлеуметтік (ҚР БҒМ, ДСМ, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі) және экономикалық салаға жауапты министрлермен (ҚМ, ҰЭМ, АШМ), құқық қорғау органдарының өкілдерімен қоғамның өзекті мәселелері талқыланады.
27 қараша 2018 ж. 1 074 0

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 54

Есірткі туралы ертегі

17 қаңтар 2025 ж. 57

Сиқырлы гүлдің арбауы

16 қаңтар 2025 ж. 100

Есірткі туралы ертегі

16 қаңтар 2025 ж. 116

Адалдық

16 қаңтар 2025 ж. 101

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031