Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биылғы астық елімізді нанмен толық қамтамасыз етуге жетеді – Дүйсенова

Биылғы астық елімізді нанмен толық қамтамасыз етуге жетеді – Дүйсенова

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова ауа райының қолайсыздығына қарамастан биыл жиналатын астық халықты нанмен толық қамтамасыз етуге жететініне сендірді, деп хабарлайды sputnik.kz
"Өздеріңізге белгілі, елдің бірқатар астықты өңірлеріндегі ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты азық-түлік қауіпсіздігі қазір өзекті мәселе болып тұр. Соған қарамастан биылғы жиналатын астықтың күтілетін көлемі елімізді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатынын атап өткім келеді", - деп мәлімдеді Дүйсенова мәжілістің жалпы отырысында.
Вице-премьер тауар өндірушілерді қолдау мақсатында бірқатар шара қабылданғанын айтты:
астықты кептіру үшін 62,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді;
қаржы институттары айыппұл санкциясын қолданбай, несиелер мен қарыздарды ұзартады;
"Азық-түлік келісімшарт корпорациясының" қорлары негізінде тұқым қоры қалыптасады;
агроөндіріс кешенін субсидиялауға қосымша қаржы бөлу мәселесі пысықталып жатыр. Бұл шара ауылшаруашылық өндірушілерін қолдау мақсатында астықты тікелей сатып алуды да көздейді.
Бұдан бөлек өңірлік деңгейде төтенше жағдай режимі жарияланған Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу үшін 3,7 млрд теңге бөлінді.
Ішкі нарықта бидай бағасын тұрақтандыру және "параллельді импортты" болдырмау мақсатында 2024 жылғы 11 сәуірге дейін – ЕАЭО-ғамүше және басқа да үшінші елдерден Қазақстан аумағына теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салу мерзімі ұзартылды.
11 қазан 2023 ж. 131 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031