Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Самарқаннан Түркістанға тікелей рейстер ұшады

Самарқаннан Түркістанға тікелей рейстер ұшады

Өзбекстандық Silk Avia авиакомпаниясы Самарқан – Түркістан – Самарқан бағытында рейстер ұшыра бастайды. inform.kz хабарлайды.
Uzbekistan Airports акционерлік қоғамының мәліметінше, алғашқы деморейс биылғы 14 қазанда жолаушыларды чартер арқылы тасымалдайды. Ұшу ұзақтығы – 1 сағат 20 минут.
«Алдағы уақытта Самарқаннан Түркістанға жолаушылар тасымалын тұрақты рейстер қатарына қосу жоспарланған. Сонымен қатар Қазақстан тарапының бастамасымен әуе компаниясы Ферғанадан Түркістанға ұшатын рейстер енгізуді қарастырып жатыр», – деп толықтырды Silk Avia баспасөз қызметінен.
Silk Avia Өзбекстан қалаларына тұрақты рейстерді биылғы 25 сәуірде іске қосты. Ал алғашқы халықаралық бағытын тамыз айында Қырғызстанның Ыссық көліне жасады. Қазіргі уақытта өзін лоукостер ретінде таныстыратын компания паркінде 70 орындық ATR 72-600 типті үш әуе кемесі бар.
10 қазан 2023 ж. 216 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 149

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 132

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031