Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайдың ірі әуекомпаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады

Қытайдың ірі әуекомпаниясы Қазақстанға тікелей рейстер ашады

Қытайдың Loong Airlines әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстер ашады. tengritravel.kz редакциясының ресми сұранысына Азаматтық авиация комитетінен осындай жауап берді.
"2023 жылдың 7 қыркүйегінен бастап Қытайдың Loong Airlines әуе коимпаниясы екі ел арасында Ханчжоу – Алматы бағытында тұрақты рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) А320 және А321 түріндегі әуекемелерімен жүргізіледі", - дейді комитет төрағасы Талғат Ластаев.
10 миллион тұрғыны бар Ханчжоу Қытайдың Чжэцзян провинциясының астанасы. 23 қыркүйекте бұл қалада 2023 жылғы Азия ойындары басталады.
Loong Airlines - 2011 жылдан бері жолаушылар тасымалымен айналысатын қытайлық әуекомпания. Оның флотында А320, А321 (жолаушылар) және Б737 (жүк) түріндегі 70 ұшағы бар. Қазіргі таңда компания 170 қаладан халықаралық және ішкі рейстер жүргізіп отыр.
Әуе компаниясы ХІХ Азия ойындарының ресми серіктесі.
28 тамыз 2023 ж. 111 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 85

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 133

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 90

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031