Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы киік саны белгілі болды

Қазақстандағы киік саны белгілі болды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстандағы киіктердің санын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz.
"Көктемгі аэротүсірілім нәтижелері бойынша киіктердің Орал популяциясы 1 130 бас, ал Қазақстан бойынша, 1 миллион 915 мың бас болды. Болжамдарға сәйкес, биылғы жылдың аяғында киіктердің жалпы саны төлдеуді есепке алғанда 2,6 миллион болады. Бірақ, бұл ретте киіктердің көп болуы ауылшаруашылығында жайылымдар мен суару орындарында бәсекелестікті күшейтіп, егіннің бүлінуіне әкеп соғады", - деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.
Оның айтуынша, соңғы үш жылда Батыс Қазақстан облысы бойынша киікке байланысты әлеуметтік шиеленіс байқалды.
"Ауыл шаруашылығы министрлігі биыл консультативтік кездесу өткізді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы киіктердің саны тұрақты тұтынушылық және тұтынушылық емес пайдалануды ақтайтын санға жетті", - деді ол.
Еске салайық, Экология министрлігі киіктерді атуға тыйымды 2024 жылға дейін ұзартты. Министрлік 2023 жылы киіктер популяциясын зерттеуді жоспарлап отыр. Мамандар киіктер популяциясының даму болжамын, жануарлардың таралу аймағы мен көші-қон жолын нақтылайды.

19 қыркүйек 2023 ж. 406 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 127

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 124

Қала тынысымен танысты

14 қазан 2025 ж. 87

Ауылдан шыққан арлан

14 қазан 2025 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031