Бос білім гранттарын тағайындау жұмыстары аяқталды

Республикалық конкурс комиссиясының отырысы өтті. Гранттардың басым көпшілігі педагогикалық және инженерлік ғылымдар, сонымен қатар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» салаларына бөлінді.
Комиссия шешімімен 4000-нан астам талапкер мемлекеттік білім грантының иегері атанады.
Грант иегерлерінің тізімдері 2023 жылдың 28 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми сайтында және телеграм-каналында жарияланады.
Ал, грант сертификаттарын мына сілтеме бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайтынан жүктеп алуға болады.