Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Зейнетке шығуға өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады

Зейнетке шығуға өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады

Зейнетақы төлемдерін тағайындау мен деректемелерге өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы өтініш берген кезде QR-код арқылы қол қоюға болады.
Мерзімсіз уақытқа белгіленген 1 немесе 2 топтағы мүгедектікке байланысты БЖЗҚ-ға төлемдерді, ерікті зейнетақы жарналары есебінен төлемдер алуға өтініш беріледі. Бұрын мұны БЖЗҚ кеңселерінде немесе enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте электрондық цифрлық қолтаңба арқылы жасауға болатын. Енді ЭЦҚ-ны QR-кодпен қол қоюға ауыстыруға болады. Сондай-ақ, QR-код enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте өз деректеріне өзгерістер және толықтырулар енгізу кезінде көмектеседі.
Ол үшін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетке кіріп, мұнда көрсетілген қызметтерді таңдағанда «QR-мен қол қою» батырмасы іске қосылады. Қол қоюдың бұл әдісі eGov mobile интеграциясы негізінде жүзеге асырылады. Сондықтан пайдаланушы осы қосымшаны ұялы телефонына орнатып, оған кіруі керек. «QR-мен қол қою» батырмасын басқаннан кейін қор серверіне сілтемені қамтитын QR-код жасалады. Бұл QR кодты EGOV mobile ұялы қосымшасының көмегімен сканерлеу керек, оның жоғарғы оң жақ бұрышында QR кодтарын оқуға арналған белгіше бар.
Әрі қарай «Қол қою» батырмасын басу арқылы пайдаланушы құжатқа қол қоюды аяқтауы керек. Нәтижесінде, «Қол қою сәтті аяқталды» деген хабарлама шығады.

10 ақпан 2023 ж. 306 0

Сенбідегі серпін

01 сәуір 2025 ж. 183

Сыр перзенті

01 сәуір 2025 ж. 169

Кеудесін оққа тосқан

01 сәуір 2025 ж. 162

Tik-Tok тәлім бере ме?

01 сәуір 2025 ж. 173

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930