Жолдау жүктеген міндеттер баршаға ортақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауын қолдай отырып, үлкен серпіліс, жаңа бағыттардың жүзеге асатынын айқын байқадық. Президент елді одан әрі дамыту үшін электр энергиясы аса қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Қазірдің өзінде электр қуатына үлкен тапшылық бар екені жасырын емес. Оны шешудің жолдарының бірі – АЭС салу. Бұл ретте АЭС салу туралы шешім азаматтардың пікірін ескере отырып, ашық түрде қабылданатыны дұрыс.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы бұл Жолдауда «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қарызсыз қоғам» сияқты жұртшылық тарапынан қызу қолдау тапқан жобаларға ерекше тоқталып, олардың елге қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Бұл дегеніміз еліміздегі қордаланған экономикалық мәселелерді шешудің нақты жолдары мен тың жоспарын жүзеге асырудың оңтайлы жолы. Ауызсу мен жайылымның тапшылығы, коммуналдық төлемдердің өсімі мен бағалардың тұрақсыздығы сияқты сұрақтар жұртшылықты көптен бері мазалап отыр.
Айтылған мәселелерді шешу мақсатында «AMANAT» партиясының бастамасымен бірқатар халықтық жоба қолға алынып, жер-жерде жүзеге асып, кейбір жұмыстар жемісін де беруде. Осылайша, елімізде кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқан ауқымды әрі маңызды реформалар халықтың әл-ауқатын одан әрі нығайтатын болады.
Қазалы аудандық мәлихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі,
Мұхаш Ерболат Сартайұлы.