Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда IT пәні мұғалімдері даярланады

Қазақстанда IT пәні мұғалімдері даярланады

Биыл желтоқсаннан бастап елімізде IT пәнінің мұғалімдері даярлана бастайды. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлім етті, деп хабарлайды inform.kz
«TechOrda бағдарламасы аясында IT кәсібін игергісі келетін қазақстандықтарға жеке озық IT мектептерде ваучерлік жүйе негізінде білім алу мүмкіндігі қарастырылған. Жоба аясында азаматтар өзінің біліктілігін жетілдіре алады. Мысалы, бүгінде бағдарлама бойынша 2000 адам IT саласын игерді. Олар жалақысы 450 мың теңге болатын жұмысқа орналаса алады. Халықаралық серіктестермен ынтымақтастық та еліміздің адами капиталының дамуына оң ықпалын тигізеді», - деді Бағдат Мусин Үкімет отырысында.
Министрдің айтуынша, халықаралық алып компаниялармен бірге оқу курстары әзірленеді.
«Осы бағытта қолдау көрсеткені үшін Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс білдіремін. Осы трендті жалғастыру үшін биыл 1-ші желтоқсаннан бастап ІТ пәнінің мұғалімдерін оқыту тетігі енгізіледі. Оқу сапасын арттыру үшін жыл соңына дейін ІТ факультеттерге тиісті сапа стандарттарын енгізу жұмыстарын бастадық. Біз Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, өңірлік оқу орындарындағы IT факультеттеріне тиісті аудит жүргіземіз. Жергілікті әкімдіктер осы жұмыстардың қарқынын арттыру үшін өңірлерде IT жобалау мектептерін қолдап, бизнеспен тығыз жұмыс жүргізуі керек», -дейді ол.
13 қыркүйек 2023 ж. 184 0

Азаттықтың ақтаңгері

14 сәуір 2026 ж. 117

Ұжыммен – мұражайға

14 сәуір 2026 ж. 101

Сазгерін жырға қосты

14 сәуір 2026 ж. 124

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930