Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа жолдау елдігімізді сақтап,елімізді өркендетеді

Жаңа жолдау елдігімізді сақтап,елімізді өркендетеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауының мәні айрықша, маңызы ерекше. Стратегиялық құжатта саяси реформалардан экономикалық бағытқа бағдар алғанымызды аңғардық.
Президенттің көтерген мәселелері «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының жұмыс істеп тұрғанын аңғартады. Халық арасында алаңдатушылық тудырған атом электр станциясын салу мәселесі жалпыұлттық референдумда қарастырылмақ. Жылу электр станцияларында болған апаттар бойынша да Үкіметке тапсырма берілді. Газбен қамтамасыз ету, тарифтерді қайта қарастыру, жаңа әдістеме енгізу қазіргі өзекті мәселелердің бірі болып тұр.
Әрине екі жақтап шешілетін мәселелер де бар. Мысалы су ресурсына қатысты мемлекет тарапынан инфрақұрылымдарды жаңарту, озық технологияларды енгізу болса, халық тарапынан ысырапсыз, орынды пайдалану.
Осы орайда Мемлекет басшысының алға қойған жаңа стратегияларын сұранысқа ие және жаңа бастамаларды жүзеге асыруда еліміздің әрбір азаматы өз үлесін қосу керек деп санаймын.
Елдігімізді сақтап, елімізді өркендету жолындағы Президентіміздің жолдауын толықтай қолдаймын және "AMANAT" партиясының белсенді мүшесі ретінде өз үлесімді қосамын.
Талғат ӘЛІПБАЕВ,
аудандық мәслихат депутаты,
аудандық мәслихаттағы «AMANAT»
партиясы депутаттық фракциясының мүшесі
07 қыркүйек 2023 ж. 316 0

Кенеден кесел келмесін

22 сәуір 2025 ж. 63

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 126

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930