Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Салықтық жеңілдіктер қалай жасауға болады

Салықтық жеңілдіктер қалай жасауға болады

Ақша-несие саясатын жеңілдету және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы салықтық жеңілдіктерді 20 пайызға қысқартуға болады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Экономикалық саясатты талдау бөлімінің бас сарапшысы Әсел Әбен айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Әсел Әбеннің айтуынша, бүгінде елдегі макроэкономикалық жағдай салыстырмалы тұрақтылықпен сипатталады. Биылдың 7 айы ішінде ЖІӨ өсімі 4,8% деңгейінде тіркелді. Бұл ретте нақты сектордағы және қызмет көрсету саласындағы өсу қарқыны бір деңгейлі динамикаға ие. Өңдеу өнеркәсібіндегі нақты секторда өсім 3 пайыз. Оған машина жасау, автомобиль жасау, жеңіл өнеркәсіп, тамақ және сусындар өндірісі сияқты салалар үлкен үлес қосты, - деді сарапшы.
Инфляция тәуекелдері әлі де сақталғанымен, инфляцияның төмендеуге беталысы байқалады. Маусым айында ол 14,6 пайызды құрап, мамырмен салыстырғанда 1,3 пайызға төмендеді. Бұл көбінесе қатаң ақша-несие саясатын ұстанатын Ұлттық Банк шараларының арқасында қамтамасыз етілді.
Сонымен қатар инфляция халықтың табысына кері әсерін тигізді. Мәселен, халықтың нақты табысы былтырдың соңынан бастап тұрақты түрде азайып келеді. Сондықтан макроэкономикалық саясаттағы жаңа тәсілдер сапалы өсуді қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. Бұған қаржы, ақша-несие және бюджет-салық саясатындағы үйлестірілген іс-қимылдар нәтижесінде қол жеткізіледі.
Осылайша қаржы жүйесі банктерді тұтынушылар секторын емес, нақты секторды несиелендіруге ынталандыратын шараларды әзірлеуді талап етеді. Мәселен, Ұлттық Банктің деректері бойынша 2023 жылғы шілдеде банктердің бизнеске берген несиелері 9 919,3 млрд теңгені (40%), ал халыққа – 14 939,3 млрд теңгені құрады (60%). Мемлекет басшысы нақты секторды несиелендірудің жыл сайынғы өсімін 20% және одан жоғары деңгейде қамтамасыз ету міндетін қойды. Бұған ақша-несие саясатын жеңілдету және экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Белгісіздіктің жоғары деңгейі жағдайында екінші деңгейдегі банктер ұзақ мерзімді несиелеуге әлі мүдделі емес, - деп санайды Әсел Әбен.
Сарапшының айтуынша, капиталды қайтару туралы заң аясында құрылған қордың қаражаты немесе Ұлттық қор, Өнеркәсіпті дамыту қоры сияқты басқа қорлар қаржыландырудың балама көзі бола алады. Бірақ қаржы жүйесінің міндеті – капиталдың ағылуын және өндірісті қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету.
Әсел Әбен осы себептен қаржы жүйесін қайта іске қосу бойынша шаралар қабылдануы әбден мүмкін екенін айтты.
Бюджет-салық жүйесіне келетін болсақ, бұл салаларда бұрын басталған реформалар жалғастырылады. Бұл «бюджетті басқарудан» «нәтижелерді басқаруға» көшуге қатысты. Оның принципі – бюджет мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен нәтижелеріне сүйене отырып қалыптасады. 2021-2023 жылдарға арналған бюджетті қалыптастырудан бастап бюджеттік жоспарлау жүйесі енгізілді. Онда бюджет үдерісі шығыстар бойынша лимиттерден емес, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге басымдық беруден басталады. Сондай-ақ бюджет заңнамасында жауапкершілікті бір мезгілде күшейте отырып, мемлекеттік органдардың дербестігінің шекаралары едәуір кеңейтілді, - деді ол.
Салық саясатындағы өзгерістер және оны толық цифрландыру салық түсімдерінің ашықтығын және бюджетті толықтыруды қамтамасыз етеді, бұл ретте Президент жекелеген салықтарды жергілікті бюджеттің пайдасына қайта қарау қажеттігін атап өтті.
Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімділігін арттырып, жергілікті өмір сүру деңгейіне әсер етеді. Олардың даму басымдықтары мен ынталандыруын ескере отырып, салық салуда сараланған тәсілді енгізу жақын болашақта жаңа тұрақты кәсіпорындарды қалыптастыруға мүмкіндік беретіні ықтимал, - деп айтты сарапшы.
Мемлекет басшысы халыққа жолдаған Жолдауында салықтық жеңілдіктер көлемін сыни тұрғыдан талдап, кем дегенде 20 пайызға қысқарту кереген тапсырған болатын.

03 қыркүйек 2023 ж. 201 0

Табиғаттың тілі жоқ

05 мамыр 2024 ж. 37

Шаттық ұялаған шаңырақ

04 мамыр 2024 ж. 86

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 93

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 62

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 97

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 105

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031