Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазақстандықтар нансыз қалмайды»: Смайылов егін жинау науқаны жайлы

«Қазақстандықтар нансыз қалмайды»: Смайылов егін жинау науқаны жайлы

Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов егінді уақытылы және сапалы жинап алу туралы айтты, деп хабарлайды azattyq-ruhy.
«Егінді уақытында және сапалы жинап алу – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі басым міндеттердің бірі. Бірқатар өңірлерде егін орағы басталып кетті. Үкімет тарапынан қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданды. Нарықтық бағадан 15%-ке төмен бағамен 426 мың тонна дизель отыны бөлінді. 140 млрд теңге бюджеттік кредит беру көзделген. Сондай-ақ, жаңа астықты форвардтық сатып алуға 81 млрд теңге бөлінді. Биыл мал азығын дайындауға арналған техника мен суару жүйелерін сатып алу үшін «ҚазАгроҚаржы» компаниясының жарғылық капиталын ұлғайтуға 20 млрд теңге бөлінді», - деді Смайылов.
Оның айтуынша, жаз айлары жылдағыдан ыстық болды.
«Құрғақшылықтан бірқатар өңірлер зардап шекті. Оларда жиналатын өнім көлемі азайып қалайын деп тұр. Құрғақшылықтың салдарын жою мақсатында шұғыл шаралар қабылданды. Оның ішінде Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. «Бәйтерек» холдингі құрғақшылықтан зардап шеккен шаруалардың кредиттері бойынша борыштарды төлеу мерзімін ұзарту және оны қайта құрылымдау мәселесін пысықтауы қажет. Жалпы, жағдай бақылауда. Жеткілікті көлемде өнім жиналады. Қазақстандықтар нансыз қалмайды. Сонымен қатар, климаттың өзгеруі мен су тапшылығы ауыл шаруашылығы үшін үлкен қауіп-қатерге айналып отыр. Сондықтан, Су ресурстарын тиімді пайдалануды күшейту бойынша Жол картасын әзірлеу қажет», - деді Премьер-министр.
Ол атағандай, өңірлер белсенді түрде су үнемдеу технологияларын енгізуі тиіс.
«Сондай-ақ қазіргі жағдайда жемшөп дайындауға ерекше назар аудару қажет. Бүгінгі таңда Қостанай, Түркістан, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында мал азығын дайындау қарқыны жақсы. Ал Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жұмыстар баяу жүруде. Аталған өңірлер Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, жұмыс қарқынын күшейтіп, жемшөп бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуі қажет. Жалпы, мына мәселелерді атап өтемін. Ауыл шаруашылығы министрлігі мен әкімдіктер уақытылы егін жинау науқанын қамтамасыз етуі керек. Сондай-ақ, астықты дер кезінде тасымалдап, сақтау орындарын дайындау қажет. Облыс әкімдіктері тұрақты бағаны сақтай отырып, жемшөп қорын сапалы дайындау бойынша қажетті шараларды қабылдауы керек», - деді ол.
Премьер атағандай, Энергетика министрлігі егін жинау кезеңінде жанар-жағармаймен уақытылы қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауы тиіс.
22 тамыз 2023 ж. 284 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 52

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930