Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі - Үкімет

Биыл ауыл тұрғындарына шағын несие беріледі - Үкімет

Премьер-министр Әлихан Смайылов Сенат депутаттарының сауалына жолдаған жауабында ауыл тұрғындарына 2,5 пайыздық несие беру үшін қанша қаражат бөлінетінін айтты деп хабарлады stan.kz ақпарат агенттігі.
"2022 жылғы қазанда Республикалық бюджет комиссиясының шешімімен Ақтөбе және Жамбыл облыстарында ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтау үшін ауыл халқына 2,5%-бен шағын кредит беру тетігін енгізу қолдау тапты”, - деді Әлихан Смайылов.
Үкімет басшысының сөзінше, қараша айының соңында Ақтөбе облысының әкімдігімен 3 млрд теңгеге және Жамбыл облысының әкімдігімен 6 млрд теңгеге үшжақты кредиттік шарттар жасалып, одан әрі кредиттеу үшін қаражат аударылылды.
“Биыл республикалық бюджетте ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны масштабтауды іске асыруға 11 606 микрокредит беру жоспарымен 52,4 млрд теңге, оның ішінде Жамбыл облысы үшін 3,6 мың микрокредит беру жоспарымен 11 млрд теңгеден астам қаражат көзделген", – деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ республикалық бюджетті нақтылау аясында облыс әкімдіктері 2023 жылға 15 090 микрокредит беру үшін 73,8 млрд теңге сұраған. Оның ішінде Жамбыл облысының әкімдігі 4 мың микрокредит беру үшін 20 млрд теңге сома сұрап отыр.
"Жоғарыда баяндалғандарды ескере отырып, қосымша қаржы бөлу мәселесі заңнамада белгіленген тәртіппен Республикалық бюджет комиссиясының отырысында қаралатын болады", – деп жазды Әлихан Смайылов.
15 ақпан 2023 ж. 528 0

Екі облыста жол ашылды

23 наурыз 2026 ж. 85

Наурыз нақыштары

23 наурыз 2026 ж. 83

Төл мереке тойланды

23 наурыз 2026 ж. 101

Наурыз бата

23 наурыз 2026 ж. 100

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031